АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас Маман"

Жыл басында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде сұранысқа ие 100 мамандық бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағдарламасын іске асыру туралы жариялады. Ол үшін әр өңірде конкурстық негізде бір базалық университет және 10 колледж анықталды, Ақмола облысында іріктелген 11 колледж болды, олардың қатарына біздің Астраханка ауылының агротехникалық колледжі де кірді.

"Жас маман" жобасының операторы болып "Кәсіпқор "Холдингі"КЕАҚ белгіленді.

"Жас маман" жобасының мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын сұранысқа ие кәсіптер бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады. "Жас маман" жобасын іске асыру қорытындылары бойынша біздің колледж республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болады, колледж мәлімделген кәсіп бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталығына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізетін болады.

2 жыл ішінде шетелдік әріптес Холдингпен және біздің колледжбен бірлесіп: колледжді бағалау бойынша, ОЖБ оқыту бойынша, халықаралық стандарттар бойынша кадрлар даярлау бағдарламаларын енгізу бойынша жұмыс істейтін болады.

Жаңартылған күні: 09.03.2021 17:26
Құрылған күні: 09.03.2021 15:05

Текст