АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жасөспірімдердің қылмыс бұзушылығын алдын-алу"

17.09.2021

16 қыркүйек күні Жастар арасындағы қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жасайтын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Агротехникалық колледжінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау істері жөніндегі инспектор Динара Серікқызы Құрымбаева және полиция бөлімінің кіші инспекторы Ғалия Берікқызы Нұрахметовамен студенттер үшін кездесу ұйымдастырылды. Колледждегі жасөспірімдермен кездесу және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектордың жоспарлы профилактикалық әңгімелерін өткізу, колледждің тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

Колледж студенттеріне "Жасөспірімдердің қылмыс бұзушылығын алдын-алу" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Д.С. Курумбаева өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын салу сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке тоқталды. Студенттерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан бастап басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Ол алкоголь мен темекінің зияны туралы еске салып, бұл тәуелділіктің қауіпті екенін түсіндірді. Полиция қызметкерлері студенттерге көшеде, қоғамдық орындарда, оқу орнында және колледждің бекітілген аумақта тәртіп ережелерін сақтауға кеңес берді.

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст