АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ
" АСТРАХАН АУЫЛЫ, АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ " МКҚК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Астрахан ауылы,Агротехникалық колледж" МКҚК техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Колледж мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, мониторинг жүргізеді және жеке тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары:
- Көрсетілетін қызметті алушыларға шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізу қағидаты;
- Көрсетілетін қызметті алушыларға шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізу қағидаты;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
Басшының оқу, оқу – өндірістік, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты болып табылады.
"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік қызметі басшының оқу работе жөніндегі орынбасарына бекітілді.
Академиялық демалыс білім алушыларға келесі негізде беріледі:
1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының № 026/у нысанына сәйкес науқастануы бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындылары (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579);
2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының № ТБ 014/у – IV санаты нысанына сәйкес ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссиясының шешімдері;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген)әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу Қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әскери қызметке шақырылған жағдайда әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағаздары;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 "азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбалардың, куәліктердің және анықтамалардың нысандарын бекіту туралы" бұйрығына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың (балалардың) туу туралы куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі), ол үш жасқа толғанға дейін электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген).
Академиялық демалыстан оралған кезде білім алушы осы демалысты ресімдеген курстан (және академиялық кезеңнен) оқуын жалғастырады. Курстар мен мамандықтар бойынша тиісті топ болмаған кезде білім алушыны оқытуды басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалғастыруға болады. Академиялық демалыстан оны аяқтағаннан кейін оралмаған білім алушылар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығарылуға жатады.
Бүгінгі таңда Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
" Астрахан ауылы,Агротехникалық колледжі" МКҚК – де 9 студент академиялық демалыста, оның 1-і Егіндікөл ауданында, 3-і Қорғалжын ауданында.
Колледжде қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі. Ай сайын Ақмола облысының білім басқармасына мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі мониторингі бойынша жұмыс туралы есеп беріледі.
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Астрахан ауылы, Агротехникалық колледжі»
МКҚК оқу жұмысы жөніндегі басшы орынбасары
Тур Л.И.