АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы Білім басқармасы жанындағы "Астраханка а. агротехникалық колледжі" МКҚК-ның 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы "Астрахан ауылы Агротехникалық колледжі" МКҚК-нің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп.

      «Астрахан ауылы, Агротехникалық колледжі» техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды жүзеге асырады. Колледж өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, жеке тұлғаларға мониторинг жүргізеді және ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.

Оқу ісі, оқу–өндірістік, тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасарлары және әдіскер мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты барлық қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша оқытудан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Ақмола облысы білім басқармасының  2022 жылдың 24 қаңтарындағы №14 бұйрығына сәйкес колледж 2021 жылдың  Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есепті ашық түрде талқылауды өткізді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес колледж кеңсе, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, ҚР БҒМ ММ АЖО, Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі Egov, көрсетілетін қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы College Smart Nation 8 атау бойынша қызмет көрсетеді. 2021 жылы колледж 413 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

Мемлекеттік корпорация арқылы – 8;

электронды үкімет порталы – 23;

көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері – 228;

кеңсе қызметі – 154.

 

1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларға тегін тамақтандыруды ұсыну. 2021 жылдың Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер түскен жоқ, себебі ҚР 12.03.2012 жылғы №320 қаулысына сәйкес жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын студенттер тегін тамақпен қамтылған;

2. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру  бойынша 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді;

3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру бойынша  244 Мемлекеттік қызмет көрсетілді;

4. Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру  бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

5. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау бойынша талапкерлерден 152 өтініш келіп түсті;

6. Техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру-өтініштер түскен жоқ;

7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау бойынша – 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

8. 2021 жылы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау  бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2021 жылы білім беру ұйымы БАҚ - та және интернет-желілерінде 3 мақала жарияланды, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 1 кеңес және колледждің ресми интернет –желісінд  2 тікелей эфир өткізілді.

Колледж көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына және мерзімдерінің бұзылуына шағым түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ.

Колледжде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті барлық шеткері құрылғылар бар, мемлекеттік қызметті қалай алуға болатындығы туралы кеңес беретін жауапты тұлғаларда бекітілген.

Колледж ғимараты пандуспен және шақыру түймесімен жабдықталған.

Колледж фаесында көрсетілетін қызметтер туралы неғұрлым қолжетімді ақпарат алу үшін стенд орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидалары, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі орналастырылған.

Колледжде  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша үнемі мониторинг жүргізіледі. Ұсыну сапасын жақсарту үшін  ай сайын Ақмола облысының білім басқармасына мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ішкі мониторингі бойынша жұмыс туралы есеп тапсырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпаратпен танысып, түсініктеме қалдыра аласыз және колледждің ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда кеңес алып, сондай-ақ  2-24-91, 2-34-49 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыз.

Агротехникалық колледждің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы ҚР әрбір азаматына сапалы қызмет алуға мүмкіндік беру.

 

 

Басшы                          К. Суюндиков


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2022 18:34
Құрылған күні: 03.03.2022 10:17

Текст