Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік қызметі 2020 жылдың 04 мамырындағы бұйрық негізінде және 2021.03.12 №108 бұйрық негізінде көрсетіледі. Қызмет көрсету нәтижесі-тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Осы мемлекеттік қызметті тіркеу үшін сізге қажет:
Өтінім формасын толтыру.
Құжаттарды қыстыру.
Өтінішке ЭЦҚ-мен қол қойыңыз немесе өтініштің сканерленген көшірмесін тіркеңіз.
Тегін тамақтандыру:
-Қызмет көрсету мерзімі
-5 жұмыс күндері
-Электронды құжаттар.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін-қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы электрондық құжаттар;
Мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
Өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін