АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

*ȥ;s6;?Ib>S?]j޷cF#

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есесбі

27.02.2026

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК

2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі

қызметі туралы есесбі

 

1.   Жалпы ережелер

1)  Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысынің білім басқармасы жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК. Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан а., Абылай хан көшесі.

2)  Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру ұйымында 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттардағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру;
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру;
  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау;
  5. Білім беру ұйымдарының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
  6. Техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімін аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
  7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру;
  8. Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету);
  9. Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау;
  10. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау.

2025 жылы колледж 1000 мемлкеттік қызмет көрсетті. Сонымен қатар:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – 6;
  • электрондық үкімет порталы – 80;
  • көрсетілетін қызметті берушінің АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрі – 173;
  • көрсетілетін қызметті берушінің АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс арқылы электрондық түрі – 0;
  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 741.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар 4 өтінім бойынша ұсынылды, барлығы электрондық форматта пысықталды. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3)      Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

1. Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру – 455.

2. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана ұсыну 326 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау талапкерлердің 164 өтініші түсті.

               4) Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1)      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://pt0001.astrahanka.aqmoedu.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде.    Колледж фойесінде көрсетілетін қызметтер туралы неғұрлым қолжетімді ақпарат алу үшін стендтер орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты тұлғалардың тізімі көрсетілген.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта жағдайлары жасалған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті барлық перефириялық құрылғылар бар, мемлекеттік қызметті қалай алуға кеңес беретін жауапты тұлғалар бекітілді. 

2)      Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.

2025 жылы колледж БАҚ-та, сондай-ақ интернет-ресурстарда 2 мақала жариялады. Тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлермен түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

5). Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет. 

        

1)  Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында ҚР БҒМ МКҚ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

«Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» Мемлекеттік көрсетілетін қызметі Ұлттық білім беру деректер базасында Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру жөніндегі сервис арқылы көрсетіледі.

         2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс шаралар.

         Колледжде белгіленген талаптарға сәйкес техникалық сипаттамалары бойынша қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 5 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді. 4 мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкердің біліктілікті арттырудың тиісті курстары бойынша өзекті сертификаттары болады.

6)  Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат: 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.

         2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері: 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

         7) Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары. Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу.

 

 

      Басшының м.а.                                                       Н. Поплавская

Просмотров: 43


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст