АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдіскер

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Астрахан селосы Агротехникалық колледжі» МКҚК тұрақты жқмысқа «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Индекс 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан селосы, Абылай-хан көшесі 1

Анықтама үшін телефон: 8-716-41-2-24-91,

e-mail: atk6@yandex.kz

 

Әдіскер

        Функционалдық міндеттері:

         Білім беру ұйымының оқу орнының оқу-әдістемелік жұмысын жүзеге асырады және талдайды; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізеді; инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтайды, зерделейді, жинақтайды, енгізеді және таратады, педагог қызметкерлерге бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге жәрдемдеседі; оқу-әдістемелік әдебиеттермен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау жай-күйі туралы талдамалық материалдарды дайындауға қатысады, білім беру оқу бағдарламаларының ақпараттық деректер банкін құруды, мамандарды даярлау сапасына мониторингті ұйымдастырады; белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді; есепті кезеңде атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді колледжішілік кеңестерде (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, қамқоршылық кеңес және т. б.) жазбаша нысанда және басшының тапсырмасы бойынша ұсынады.

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілер;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздері.

       Лауазымдық жалақысы:  от 206 000-251000  теңге.

       Біліктілік талаптары:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жылды растайтын құжат.

     Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) «педагог»:

     қосымша білім беру ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

     балаларға қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік корпусының кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;

     бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;

      2) «педагог-модератор»:

    «педагог» біліктілігіне қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар:  әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу; диагностика жүргізу; педагогтарды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;  ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;  ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау; білім беру ұйымы және аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      3) «педагог-сарапшы»:

     «педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сондай-ақ: білім беру, демалыс бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, құралдардың әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысуы тиіс;

 әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру; қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда педагогтарға көмек көрсету;

      4) «педагог-зерттеуші»:

     «педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын талаптарға сай болуға, сондай-ақ: қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені таратуға; облыс, республика деңгейінде шеберлік сыныптарын, педагогикалық шеберханаларды, семинарларды ұйымдастыруға тиіс;

 қосымша білім беру саласындағы білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

 бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;

      5) «педагог-шебер»:

     «педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуге, сондай-ақ: қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнімді әзірлеуге тиіс;

     облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,

     қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу;

     қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі:

      Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде ресми сайтта мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс.

       Құжаттар тізімі:

   1) осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

   2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

   3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);

   4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

   5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

   6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

   7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

   8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

   9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

  10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

   11) 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

   12) кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минут, ең төменгі рұқсаты – 720 x 480 өтілі жоқ бейнепрезентация.

 

Жаңартылған күні: 24.08.2023 16:12
Құрылған күні: 24.08.2023 16:12

Текст