АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сценарий "Қош келдің әз-Наурыз!"

25.03.2022

Іс-шара тақырыбы: Қош келдің әз-Наурыз!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, суреттер көрмесі.

 

Қазақша би

 

Ведущая 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де арманда,
Көрмегендер де арманда,
Қызықтан құр қалмаңыздар!

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, әріптестер және студенттер! Наурыз тойы құтты болсын! Барыс  жылы баршамызға жақсы жаңалығын алып келсін! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын. Халқымыз тоқ болсын!

Ведущая 2: Добрый день, дорогие студенты, уважаемые гости! Мы приветствуем вас на праздновании весеннего праздника Наурыз. Наурыз-мейрамы — это светлый весенний праздник пробуждения природы, вселяющий веру и надежду на совершение самых светлых и заветных желаний.

Пришел Наурыз, весна пришла.
И сразу наша земля расцвела.
Все рады празднику вокруг,
И каждый здесь и брат и друг.
Согретые солнцем и теплом,
О Наурызе песню мы поем.

2-ведущий

Ата жолын қуайық.

Салт — дәстүрін сыйлайық.
Наурыз келсе, құт келгені халайық,
Шашу шашып, ел болып қарсы алайық!

 

1-ведущий У наших предков много традиций и обрядов. Одним из наиболее распространенных обрядов без которого не начинают не одно торжество – это «шашу» - обряд осыпания. Шашу из конфет, различных сладостей или мелких монет.

 

Шашу

 

1-ведущий: Сегодня замечательный день — праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз — праздник весеннего равноденствия, когда, наконец-то, после долгой зимы, светлое время суток становится равным темному по своей продолжительности, а потом начинает неуклонно увеличиваться. Таким образом этот праздник олицетворяет собой начало начал, возрождение природы, торжество светлых сил добра над темными силами зла.

Открыта дверь для всех гостей —

Для пожилых и для детей.

Весна навстречу нам идет,

Весна на праздник всех зовет,

Народы самых разных стран

Шлют поздравленья в Казахстан!

 

Слово для поздравления предоставляется руководителю колледжа Суюндикову Канат Отызбаевичу

 

2-ведущий

 

Ұлттық салт-дәстүр:  Сырға салу

 

Сырға салу – қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі. Сырға cалу кезінде жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп құда түсер ырымын жасап, қыздың құлағына сырға тағып, қызды алып кететін күнді белгілейді. Осы аралықта “той малы”, “сойыс”, “бала күту”, “әке күші” деген кәделерді орындау керектігі келісіледі. Бұл жолы жігіт жағы қыздың ата-анасына киіт кигізеді, қыз жағы – мал сойып, құрметтеп күтіп алып, шығарып салады, тағы басқа сый-сыяпаттар жасалады. Келісілген күні жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп қызды алып кетеді.

 

Надевание сережек – один из казахских обычаи  При надевании сережек со стороны жениха приходят 4-5 человек, совершают обряд обручения и дарят подарки, надевают девушке на уши серьги и забирают ее домой.

 

                                                                  Сырға  салу

Сахна қазақы тұрмыс-тіршілікке сай жабдықталады.Сахнада жеңге мен бойжеткен қыз сырласып отырады.

Жеңгесі:- Еркем, осы  көрші ауылдың сері жігіті біздің үйді сырттап жүрген сияқты.Сенің менен бір жасырғаның бар-ау швмвсы.

Еркеқыз: -Ай,жеңеше-ай,сізден несін жасырайын.Сол жігітпен байласқан сөзім бар.Ата-анамның,үлкендердің батасын алып кетсем деймін.Жігіттің ауылы сырға салып,үкілі бөрік кигіземіз деп отыр дейді.Соны апама өзің айтып хабарын берсеңші еркеңе тілекші болып.

Жеңгесі; - айтайын апама.жасыңда жетті.Ата-бабаңның салтымен,жөн-жоралғыңмен кетсең оның несі айып.

(Сахнадан шығып кетеді.Ене мен келін шүйіркелесіп,әңгіме айтып сырттан келе жатады.)

Келіні: -Ене,сізге айтар аманатым бар.

Ене:- Ол не ?Айта ғай,шырағым.

Келін:- Ене,уақыт деген зымыран ғой.Ерке қыздың бойжеткенін бімей де қалыппыз.Мен кеін болып түскенді бұрымы желкілдеп,сіздің қасыңызда отырып кесте тігіп отыратын.Міне сол  еркеқыз көрші ауылдың сері жігітімен сөз байласып,құда түсіртіп,сырға салдырғалы жатыр. Оған не дейсіз?

Ене: - (біраз ойланып)Ей,шырағым не дейін? Қыз бала бойжеткесін жат жұрттық қой.Теңін тапса қарсы емеспін.Әкесіне,ағаларына айтып әуелі ақылдасайық.

(Әкесі,ағасы,анасы,жеңгесі қапылып құда күтуге дайындалып жатады.Қыз қазақ киімімен әшекейленеді.Қыз сахнаның сыртында.Бас құда,жас құда,жігіттің жеңгесі  келеді)

-Ассалаумағалейкум! Біз құдайы қонақпыз.Көлбай,деген ақсақалдың үйі осы ма екен?

-Әрине,осы , осы.(Барлығы амандасады.Қонақтарын «төрлетіңіз» деп ишарат білдіріп үйгеі кіргізеді.Жөн сұрасады. )

-Құдайы қонақ екенсіздер.Келген шаруаларыңызды айта отырыңыздар.

- Біз мынау көрші ауылдағы тіней елінің          бөлімінің  балаларымыз.Өзім Сапардаң үлкен ұлы Талғат деген боламын.Мынау ұлыстың ұлы күнінде сіздің ауылдың дәмі бұйырып келіп жатырмыз.Мейрамдарыңыз құтты болсын.Келген шаруамыз өзіңізде сезіп отырған боларсыз сіздің қызыңыз бен біздің ұлымын сөз байласып,ата-бабамыздың салтымен болашақ келінімізге сырға салып,үкі тағып,құда түскелі,сөз байласқалы  келдік.

- Ей,дұрыс-ақ.Екі бала да ақыл тоқтатқан,ержеткен балалар ғой.Өздері жарасып сөз байласса қарсылығымыз жоқ.Ауылымыз іргелес  ,таныс-біліс жандармыз. 

- Олай болса ,келген шаруамызды бітіре отырайық .Болашақ келінімізге салатын сырғамыз,тағатын үкіміз бар.Жеңгесі тағады ғой.

(Сахнаға қызды екі жеңгесі қолтыңынан сүйеп әкеледі.Қыз көрімдік беріледі)

-Ей,айналайын ,қолым құтты болсын.(сырға салады жеңгесі).Бұрын  ата-бабамыз қызға сырға салып ,алып кетуге келгенде «осы ауылда алтынымыз бар» деп келеді екен.Біз де келесі жолы келгенде алтынымыз бар деп келеміз,шырағым. Мынау үкілі камшат бөрігің (басына кигізеді)Бұрынғы кезде көп қыздың ішінде үкілі  камшат бөрік кисе «сырға салынып,құда түскен қыз»деп жігіттер аулақ жүреді екен ,шырағым.Ақмаңдайлы жан екенсің,алдың да ашық болсын.

 

 

1 ведущий В ночь Наурыз люди выходили на улицу, поздравляли, желали друг другу самые лучшие пожелания, прощали обиды и ссоры: ходили другу другу в гости, в каждом доме готовили традиционный «Наурыз – көже»

И угощая, желали друг другу достатка и счастья. Эти пожелания старших называют «бата», кто больше пьет коже тот будет сыт целый год: а кто больше всех получит ақ бата у того в жизни будет светлая дорога - считали в народе

 

 

2-Ведущий

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.

Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»

Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.

Ұлттық ойындар: «Оқтау тартыс, ақшамшық»

  1. Оқтау тартыс ойыны шарты

 

Ойын шарты: Бұл ойынды ойнау үшін де ортаға екі бала шығады.Алдымен жерге сызық сызыңдар және сол сызықтың екі жағына тұрыңдар.Енді оқтаудың екі ұшын ұстап тартыңдар.Қайсысың сызықтан өтсең,жеңілесің.Ал ,күшің басым болып тартып алғаның жеңіске жетесің.

  1. «Ақшамшық»ойыны шарты

Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қысырыңқырап, қолдарын алға соза отырады.

Жүргізуші сақинаны салып болған соң, ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан - жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Егер екі жағында отырған адам ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады.

Оыйнды 3 - 4 рет ойнату.

 

1-ведущий В народе существует поверье, что эту ночь землю посещает Қыдыр ата тот, кто с ним встретится, того ждет удача и счастье. А қыдыр ата может увидеть только те, кто чист душой и сердцем, предан своей земле и народу. Чтобы встретится с Қыдыр ата народ выходит на улицу в ночь на 22 наурыза, обнимаясь друг с другом, прощают обиды и ссоры: из дома выносят старые вещи, чтобы в доме было чисто и накрывают стол из зерновых и молочных продуктов, чтобы год был урожайным и был достаток, зажигают две свечи, означающие, что одна свеча это не свет, накрытый стол означает, чтобы в этом доме был достаток.

 

2 Ведущий:

Наурыз айының 22- сінде көптеген Шығыс елдерінде Жаңа жыл мерекесі тойланады. Наурыз – жыл басы.

Бұл күні жұрт таза, жаңа киімдерін киіп, үй-үйге қыдырып, бір-біріне деген таза көңілдерін ақ тілегін білдіреді. Әр үйде дастархан жайылып, жеті түрлі тағам түрлері қосылған наурыз көже пісіріледі.

Бар табиғат оянып, түлеп, жасарған. Ұлыстың Ұлы күні-деп те аталады.

 

1 Ведущий:

 Наурыз - главный праздник в году как у казахов, так и у других народов Азии, отмечаемый уже много тысячелетий. Наурыз - это праздник весны, обновления природы, начала нового года, новой жизни. Множество мероприятий, концертов, конкурсов и подарков ежегодно организовывается в каждом городе и населенном пункте Казахстана.

 

«Наурыз Думан» әні орындайтын Тлесова Сабина  мен Амангельдинова Аружан

 

2 Ведущий:

Бұл жаңа жылды қарсы алуда әр халық бірдей дайындалады. Әр үйде тазалық орнап, жаңа киімдер киеді, мерекелік тағам дайындайды.

Наурыз көңілді ән, би, ойындар, жарыстармен бір-біріне сыйлық жасаумен өткізіледі. Қай ел, қандай ерекешеліктермен тойласа да, Наурызда тек қана жақсылық ниеттер айтылады.

 

1 Ведущий:

Все народы к встрече нового года готовились одинаково: убирали и украшали свои жилища, шили или покупали новую яркую одежду, готовили праздничную еду. Отмечали Наурыз весело, с песнями, плясками, играми, состязаниями, дарили друг другу подарки.

 

«Қара жорға »биі орындайтын М-143 , М-146, ОМ-73

 

2 Ведущий:

Мелодию- кюй посылает весна,

Мираж из лучей представляет она.

Пусть песня акына сейчас зазвучит

И радостный той пусть гостей пригласит!

 

«Мереке» әні. Орындайтын Дәулеткерей Қасым , Кажимуратова Асем, Гайвбек Аманкелсін

 

Ведущие хором;

Жасай берсін жаңа күн!

Жасай берсін жаңа жыр!

Құтты болсын наурыз той!

Құтты болсын Жаңа жыл!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 25.03.2022 16:56
Құрылған күні: 25.03.2022 17:03

Текст