АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

*ȥ;s6;?Ib>S?]j޷cF#

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос лауазымға Конкурс - өндірістік оқыту шебері

29.10.2025

            Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберіне лауазымдық нұсқаулық

 

 

     Лауазымдық міндеттері:

     өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;

    - жабдықтар мен тиісті жабдықтарды сабаққа дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;

   - еңбек қауіпсіздігін сақтауды, білім алушылардың озық еңбек әдістерін, заманауи техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдыққа қызмет көрсетуді және пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;

    - білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;

   - өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есеп беру, кәсіптік практика, топтағы тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу жөніндегі құжаттаманы жүргізеді;

     - білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың міндетті тізбесін жүргізеді;

- оқу шеберханаларын жабдықтармен және құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

  - Технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;

   -оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені пайдаланады;

     - білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария жөніндегі талаптардың сақталуын бақылайды;

     - қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

     Білуі қажет:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      -оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

   - өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу бағдарламалары;

   - өндіріс технологиясы, жабдықтар, техника және оларды техникалық пайдалану ережелері;

 - педагогика, психология негіздері, Білім алушыларды кәсіптік оқыту және тәрбиелеу әдістемесі;

   - педагогикалық этика нормалары;

   - еңбек туралы заңнама. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

     Біліктілікке қойылатын талаптар:

     - тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім;

    -немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде педагог – шебер үшін мамандық бойынша жұмыс өтілі-5 жыл; немесе біліктіліктің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандық бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

 1)"педагог":

  - білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

 - білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

 - білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

 - білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

 -кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

 2)"педагог-модератор":

  - "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сондай-ақ: оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалануы тиіс;

      - білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      - білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

  3)"педагог-сарапшы":

 - "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

  - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін талдау дағдыларын меңгеру;

  - тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіптік дамудың басымдықтарын айқындайды: білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің;

   - аудан/қала деңгейінде тәжірибе жинақтау, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар бар;

4)"педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

  - Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

  - білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асырады және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегияларын айқындайды;

   - облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, Республика (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін)деңгейінде тәжірибені жинақтау;

    - облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін)олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      5)"педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

     Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіреді немесе WorldSkills (Worldskills) (кәсіптік шеберлік конкурсы) чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру жөніндегі жаттықтырушы болып табылады;

  - ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

  - облыс деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

 - республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болуға немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын даярлауға.

Просмотров: 18


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст