АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар жұмысы туралы ақпарат

2021 жылдың 12 ақпанда колледждің төрт қызметкерінен тұратын жұмыс тобы: Абдуллаев М.О., Сухоставская А. К., Кулакова Г. А. және Ашубасарова Ж. С. № 4 жалтыр ОМ және № 2 Жалтыр ОМ ММ оқушылары арасында, кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Алдын ала жұмыс тобы мектеп әкімшілігімен 9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Оқушыларға талапкерлерге қажетті барлық ақпараттан тұратын оқу орны туралы бейнеролик көрсетілді. 9 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізілді, колледждің жаңа мамандықтары, оқу орнының материалдық базасы, кабинеттердің, зертханалардың жабдықталуы, стипендия мөлшері, жатақханада тұру шарттары, жаңалықтар және т.б. туралы егжей-тегжейлі айтылды. Тоғызыншы сынып оқушылары үшін арнайы дайындалған сауалнаманы толтырды, Онда олар негізгі мектепті бітіргеннен кейін қайда түсетіндерін көрсетті, байланыс телефондарын, оның ішінде ата-аналармен өзара әрекеттесу үшін байланыс нөмірлерін берді. Өз кезегінде жұмыс тобының қызметкерлері оқушыларға өз телефондарын қалдырды. Жұмысты қызметкерлер мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын сыныптарда жүргізді. Бұдан әрі мектептердің 10 және 11-сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен жұмысты жалғастыру қажет. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша ақпараттық кесте жасалды.

               

 

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 17.02.2021 17:44
Құрылған күні: 23.06.2022 10:05

Текст