Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Астрахан селосы Агротехникалық колледжі» МКҚК тұрақты жқмысқа «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Индекс 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан селосы, Абылай-хан көшесі 1
Анықтама үшін телефон: 8-716-41-2-24-91,
e-mail: atk6@yandex.kz
«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)»
мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері
Функционалдық міндеттері: өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;
жабдықтар мен тиісті жабдықтарды сабаққа дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;
еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың озық еңбек әдістерін, заманауи техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдыққа қызмет көрсетуді және пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;
білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;
өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есеп беру, кәсіптік тәжірибе, топтағы тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу жөніндегі құжаттаманы жүргізеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың міндетті тізбесін жүргізеді;
оқу шеберханаларын жабдықтармен және құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
Лауазымдық жалақысы: 217 000-247 000 теңге.
Біліктілік талаптары:
Білімі бейіні бойынша жоғары (арнаулы орта) немесе біліктілігі жоғары деңгей болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; немесе біліктілігі орта және жоғары деңгей болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «педагог»:
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;
2) «педагог-модератор»:
«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болу, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану керек;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы керек;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы керек;
3) «педагог-сарапшы»:
«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болу, сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі керек;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіптік дамуларының басымдықтарын айқындайды;
аудан/қала деңгейінде тәжірибе жинақтап, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болуы керек;
4) «педагог- зерттеуші»:
«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болу, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі керек;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асырады және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегияларын айқындайды;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін)тәжірибені жинақтау білуі керек;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін)олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болуы керек;
5) «педагог-шебер»:
«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде ресми сайтта мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс.
Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;