Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Астрахан ауылы, Агротехникалық колледжі» МКҚК Әдіскер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Индекс 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Абылай-хан көшесі 1
Анықтама үшін телефон: 8-716-41-2-24-91,
e-mail: atk6@yandex.kz
Әдіскер
Функционалдық міндеттері:
Білім беру ұйымының оқу орнының оқу-әдістемелік жұмысын жүзеге асырады және талдайды; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізеді; инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтайды, зерделейді, жинақтайды, енгізеді және таратады, педагог қызметкерлерге бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге жәрдемдеседі; оқу-әдістемелік әдебиеттермен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау жай-күйі туралы талдамалық материалдарды дайындауға қатысады, білім беру оқу бағдарламаларының ақпараттық деректер банкін құруды, мамандарды даярлау сапасына мониторингті ұйымдастырады; белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді; есепті кезеңде атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді колледжішілік кеңестерде (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, қамқоршылық кеңес және т. б.) жазбаша нысанда және басшының тапсырмасы бойынша ұсынады.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздері.
Лауазымдық жалақысы: 206 000-251000 теңге.
Біліктілік талаптары:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жылды растайтын құжат.
Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «педагог»:
қосымша білім беру ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
балаларға қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік корпусының кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;
бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;
2) «педагог-модератор»:
«педагог» біліктілігіне қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу; диагностика жүргізу; педагогтарды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау; ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу; ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау; білім беру ұйымы және аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
3) «педагог-сарапшы»:
«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сондай-ақ: білім беру, демалыс бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, құралдардың әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысуы тиіс;
әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру; қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда педагогтарға көмек көрсету;
4) «педагог-зерттеуші»:
«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын талаптарға сай болуға, сондай-ақ: қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені таратуға; облыс, республика деңгейінде шеберлік сыныптарын, педагогикалық шеберханаларды, семинарларды ұйымдастыруға тиіс;
қосымша білім беру саласындағы білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;
5) «педагог-шебер»:
«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуге, сондай-ақ: қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнімді әзірлеуге тиіс;
облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,
қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу;
қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде ресми сайтта мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс.
1) осы қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
10) 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.