Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы" Агротехникалық колледж, Астрахан ауылы " МКҚК тарих және география пәні оқытушысының бос лауазымына тұрақты жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды.
Индекс 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан селосы, Абылай-хан көшесі 1
Анықтама үшін телефон: 8-716-41-2-24-91,
e-mail: atk6@yandex.kz
Тарих және география пәнінің оқытушысы
Функционалдық міндеттері:
Оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысы, білім алушылармен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмыстары. Сондай-ақ басқа да педагогикалық жұмыс: әдістемелік, дайындық, ұйымдастыру, диагностикалық, мониторингтік жұмыс, білім алушылармен тәрбие және өзге де іс-шаралар жоспарларында көзделген жұмыс.
Оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және өткізеді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың ең тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады. Білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді.
Оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілер; оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; басқарудың инновациялық әдістері.
Лауазымдық жалақысы: от 214 000-258 000 теңге.
Біліктілік талаптары:
Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «педагог»:
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;
2) «педагог-модератор»:
«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болу, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану керек;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы керек;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы керек;
3) «педагог-сарапшы»:
«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болу, сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі керек;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіптік дамуларының басымдықтарын айқындайды;
аудан/қала деңгейінде тәжірибе жинақтап, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болуы керек;
4) «педагог- зерттеуші»:
«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болу, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі керек;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асырады және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегияларын айқындайды;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін)тәжірибені жинақтау білуі керек;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін)олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болуы керек;
5) «педагог-шебер»:
«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде ресми сайтта мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс.
Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
10) 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.