Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Астрахан селосы Агротехникалық колледжі» МКҚК тұрақты жұмысқа орыс тілі мен әдебиет оқытушысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Индекс 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан селосы, Абылай-хан көшесі 1
Анықтама үшін телефон: 8-716-41-2-24-91,
e-mail: atk6@yandex.kz
Орыс тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы.
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді; оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады; білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді; оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; жабдықтарды пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың міндетті тізбесін жүргізеді.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; басқарудың инновациялық әдістері; педагогикалық этика нормалары; еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидаларын.
Лауазымдық жалақысы: 214 000-258 000 теңге.
Біліктілік талаптары:
Тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе кәсіптік білім жұмыс өтіліне талаптар қоймауы; немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «педагог»:
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға; білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуге; білім беруді ұйымдастыру деңгейіндегі іс-шараларға қатысуға; білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруға; кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеруге; цифрлық білім беру ресурстарын қолдануға тиіс;
2) «педагог-модератор:
«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы керек, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалануы;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы керек;
3) «педагог-сарапшы»:
«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сондай-ақ: ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі; тәлімгерлікті жүзеге асыруы және кәсіби дамудың басымдықтарын айқындауы тиіс: білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің; аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы; аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
4) «педагог-зерттеуші»:
«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуға, сондай-ақ: сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруге; білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге; аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыруға және даму стратегияларын айқындауға; облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде тәжірибені қорытуға тиіс (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
5) «педагог-шебер»:
«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы крек, сондай-ақ: Ы. Алтынсарин немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе Техникалық және кәсіптік білім Департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың тең авторы (тең авторы) болып табылады немесе уорлд скилс (WorldSkills) (кәсіби шеберлік конкурсы) чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтардың біліктілігін арттыру жөніндегі жаттықтырушы; ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету; облыс деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыруға және кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлауға; республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысушы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысушыларды даярлау.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде ресми сайтта мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс.
Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтары лауазымына орналасуға үміткерлер үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (ғаламторға негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнаулы пәндер бойынша педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтар сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) кемінде 15 минут жұмыс өтілі жоқ үміткерге арналған бейне презентация, ең аз рұқсаты-720 x 480.