АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күніне арналған салтанатты жиын

12.10.2023

2023 жылдың 1 қыркүйегінде колледжде білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

      Жиналыс залында студенттер мен олардың ата-аналары, оқытушылар мен әкімшілік жиналды. Колледж бүгін жаңа оқу жылын ғана емес, осы жазда біздің оқу орнына түскен балаларды да қарсы алды.

      Салтанатты шара туды шығару және ҚР Әнұранын орындау рәсімінен басталды.

      Колледж басшысы - Путинцева Валентина Сергеевна құттықтау сөз сөйледі.

      Мерекелік жиында педагогтарға жұмыстағы жетістіктері мен колледж игілігі үшін көп жылғы жемісті еңбегі үшін грамоталар салтанатты түрде табыс етілді.

      Студенттер мен педагогикалық ұжымды құттықтауға әлеуметтік серіктестер: Сағымбаев Мейрам Тунгушбайұлы – «Достық-06» басшысы, Оборовский Владимир Александрович – «Бетеге-У» ЖШС директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Мұқанов Азат Нұрланұлы - Астрахан ауылы Jýsan Bank филиалының басшысы, Галинов Виталий Витальевич – аудандық телекоммуникация торабының басшысы қосылды.

      Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – Тур Людмила Ивановна 1 курс студенттерін сынып жетекшілерімен және ө/о шеберлерімен таныстырды. Сынып жетекшілері өз кезегінде 1 курс студенттеріне «Ішкі тәртіп ережелері туралы» колледж жатақханасында тұру шарттарымен таныстырды.

      Барлық топтарда «Әділ Қазақстан, сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбына бірыңғай сынып сағаты өтті.

 

 

Құрметті студенттер мен оқытушылар, білім күнімен! Сіздің өмірлеріңіз қызықты, қуанышты және шығармашылық оқиғаларға толы болсын!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.10.2023 17:06
Құрылған күні: 12.10.2023 17:21

Текст