БІЛІМ МЕН ДАМУ ЖОЛЫНДА
Талай қыранды қанаттандырып, талай студентті ұясынан ұшырған Астрахан ауылының колледжінің іргесі қаланғанына – биыл 65 жыл толып отыр. Бұл білім ордасы 1959 жылы Новочеркасск МТС базасында №158 Ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі (УМСХ-158) құрылған кезден бастау алады. Жылдар бойы көптеген даму кезеңдерінен өтіп–"Агробизнес және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәртебесіне дейін көтерілді.
Бұл деңгейге жетуге мекеме басшыларының шыдамдылығы мен төзімділігін ерекше айту керек. Бұлай дейтінім білім ошағын басқару көбінің қолынан келмес. «Колледж» статусына дейін көтерілу мекеменің сол дәрежеге сәйкес келуі деп білемін. Себебі қазіргі таңда колледжі өз шаруашылығымен қатар, болашаққа жас мамандарды дайындау жолында аянбай қызмет етіп келеді. Студенттерге жайлы жатын орын мен білім алу үшін жайлы кабинеттер, сабақ барысында қолданылатын заманауи құралдар мен спорт саласына да көңіл бөлінген. Төрт мезгіл тегін тамақ, кітапхана, өндірістік тәжірибе барысында қолданылатын құралдар мен көліктер т.б студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Бұл қиындықтан бастау алып заманға сай әрекет еткен басшылардың еңбектері.
Бұл мекемеде 65 жылдың ішінде қаншама оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері еңбек етті. Ұрпақ сабақтастығы жалғасып, әкесінің ізімен балалары қызмет атқарып жатыр. Мекемеде 65 жылдың ішінде 10-ға жуық басшы ауысып, олардың әрқайсысы мекеменің дамуына өз үлестерін қосты.
Мен қызмет етіп бастаған жылдары көзіммен көрген басшылар Быстрицкая Валентина Григорьевна (басшылық еткен жылдар 2003-2018), Суюндиков Канат Отызбаевич (басшылық еткен жылдар 2018-2022) өз қызметтеріне адал осы білім ордасы үшін істеген еңбектері орасан! Әр басшы өз басқару тактикасымен ерекше. Быстрицкая Валентина Григорьевна колледж деңгейіне көтеріп, барлық шаруашылық пен білім саласын қатар жүргізсе, Суюндиков Канат Отызбаевич заманауи техникалармен қамтамасыз етіп, қызметкерлерінің білім саласында өсу жолына ерекше көңіл бөлді. Қазіргі басшымыз Путинцева Валентина Сергеевна жас болса да өз қызметіне бейімделген басшы, колледжінің дамуына заманауи құрылғылармен толықтырып жатыр. Колледжінің ұлдарға арналған жатақханасына күрделі жөндеу өткізіп студенттерімізге толық жағдай жасап жатыр. Білім саласына да көңіл бөлініп, биыл Республикалық форум өткізіп жан-жақтан қонақтар шақырылып, әріптестер арасында білімдерімен алмасты.
Басшының басшы болуына әсер етуші қолдаушылары- басшының орынбасарлары. Ерекше атап өтсем Жакупова Сәуле Хамитовна, Сейтназаров Бақытбек Бердікабулович, Аскаров Сейфулла Каримович, Аркенов Қанат Қайыркешович, Путинцева Валентина Сергеевна, Абдуллаев Матжан Ордабаевич, Поплавская Наталья Гавриловна, Тур Людмила Ивановна, Гильзенберг Сергей Русланович – бұл кісілер менің көз көрген басшының орынбасарлары. Барлығы да жоғары білімді, өз қызметіне адал мамандар.
Осындай құраммен басқарылып отырған колледжіде қазір 100-ден аса қызметкерлер, «Есеп және аудит», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Электр жабдықтары», «Маркетинг», «Дәнекерлеу ісі», «Агрономия», «Мұрағаттану және құжаттамалық басқаруды қамтамасыз ету» мамандықтарында 450-ге жақын студенттер оқып жатыр.
Әріптестерім мен студенттерімді, сонымен қатар барша колледжі ұжымын мерейтойымызбен құттықтаймын! Болашақ жастар қолында. Білікті маман дайындау жолында әріптестеріме сәттілік тілеймін!
Құрметпен «Агробизнес және сервис колледжі»
оқытушысы Жолбарысхан Гулмайран