Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Агробизнес және сервис колледжінің 65 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
65 жыл ішінде колледж агроөнеркәсіптік кешен мен қызмет көрсету саласын дамытуға елеулі үлес қосқан мыңдаған мамандарды бітіртіп, маңызды білім беру және мәдени орталыққа айналды.
Бүгінгі таңда колледж сапалы білім беру дәстүрлерін жалғастыруда, заманауи оқыту мен кәсіби мамандарды даярлаудың инновациялық тәсілдерін ұсынады.
Мереке аясында аудан әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы оқу орнының агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан үлесінің маңыздылығын атап, колледж ұжымын, студенттер мен педагогикалық еңбек ардагерлерін мерейтойымен құттықтады және көп жылғы еңбегі мен білімге қосқан үлесі үшін колледж қызметкерлері мен педагогтарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыс етті.
Салтанатты іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов, Ақмола облысы білім басқармасының кадрлар бөлімінің басшысы Әсел Өмірзаққызы Жаркенова,
Астана қаласы мен Ақмола облысының қоғамдық бірлестіктерінің
"Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағын ұйымдастырудың" басшысы Абдрахманов Бейсенбай Қадырұлы, Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қарқынды егіншілік жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламасының жетекшісі Өтелбаев Ержан Аманжолұлы салтанатты іс шараның қонағы болды.