Текст
Ағымдағы жылдың 07 сәуірінде жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар апталығы аясында Химия және биология пәндерінен Олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ танымдық және ғылыми қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, зияткерлік даму үшін жағдай жасау, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. Жеңімпаздар бірінші дәрежелі дипломдармен, жүлдегерлер екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы: Кулакова Г. А..