Колледждің Студенттік Парламенті 2-3 қыркүйек аралығында "Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру" атты онлайн мастер-классына қатысты.
Мастер-класстың мақсаты сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік зұлымдықты жою үшін қоғамда парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және тарату болып табылады.
Іс-шара барысында студенттер:
✔сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат қалыптастырудағы парасаттылық рөлімен;
✔сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптастыру жайындағы халықаралық тәжірибемен;
✔парасаттылық мәдениетін дамыту тетіктерімен;
✔парасаттылық тұжырымдамасының ұлттық негіздерімен;
✔Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарымен танысты.
Мастер-класс спикерлері:
ҚР Президенті жанындағы МБА комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Кабылдин;
ҚР Президенті жанындағы МБА сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығы басшысының орынбасары Ержан Жаров;
Мастер-класс модераторы:
"Nur Otan" партиясы "Бірлік" аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Чингисхан Кожахметов.