АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңіс күні 9 - мамыр!

15.05.2019

2019 жылы 9 мамырда Астраханка ауылының орталық алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған шеру өтті. "№6 Агротехникалық колледжі" КММ қызметкерлері қатысты.  9 мамыр мерекесі "Батырларға тағзым" шеруінен басталды, оған 100-ден астам аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Аудан әкімі Нұрлан Сейілов барлық қатысушыларды осы айтулы мерекемен құттықтады. "Бүгін, бейбіт уақытта, біз тыныш еңбек етіп, өмірімізге қуанып, балаларымызды тәрбиелейтінімізді құрметтейміз және есте сақтаймыз! Жеңіс үшін барлық күш жұмсаған батырларымыздың арқасында біз болашаққа жоспар құрып, ертеңгі күн туралы ойлай аламыз!"- деп атап өтті аудан басшысы. Құттықтаулардан кейін, жерлес-жауынгерлерге ескерткіш жанында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті,сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік іс-шара салтанатты концертпен жалғасты, кешкі уақытта мерекелік би кеші өтті.

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст