Текст
2019 жылы 28 мамырда Жалтыр станциясасының Желілік бөлімшесінің полиция қызметкері К. А. Есімсейітов колледждің 1,2 курс студенттерімен кездесу өткізді. "Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" атты кең ауқымды акцияны Жалтыр станциясындағы ЖП қызмет көрсету учаскесінде өткізу негізгі мақсаттары жеткізілді. Сонымен қатар, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінсіз тұрғынжайда болуы, ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу, жеке қоғамдық орындарда темекі шегу және т. б. сияқты ҚР ӘҚБтК-нің Әкімшілік баптарының мәнін түсіндірді.