АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ!

03.06.2019

Қазақстанда 1997 жылдан бастап 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай аудан әкімі Нұрлан Сейіловтың қатысуымен Астрахан ауылының орталық алаңында орналасқан ескерткіштің жанында біздің елімізде жаппай ашаршылықтың басталғаны және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті.  Жиналған қауым 1 минут үнсіздікпен құрбандарды еске алды. Одан кейін ескерткішке гүл шоқтары қойлып, аудан әкімі сөз сөйледі. 

«Бұл - адамзат тарихында бұрын соңды болмаған қанды қырғын. Ешқандай ақтап алуға келмейтін қасіретті нәубет. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және басқа да көптеген саңлақтарымыз қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Нәубет заманның ауыртпалықтарын қазақ халқымен бірге елімізге жер аударылған неміс, поляк, кәріс, шешен, түрік, грек және басқа да этнос өкілдері бастан кешті. Солақай саясат зобалаңы туғызған аштық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына әрдайым тағзым ету – еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті парыз. Енді елімізде мұндай заман болмасын. Әрдайым бірлігіміз жарасып, ынтымақ пен татулықта өмір сүрейік. – деді аудан басшысы.

Просмотров: 647


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст