АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылдың 05 мамыр күні сағат 13:30м 3 курс М-143 топ студенттерінің ата-аналарымен өткізілген ата-аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ

12.05.2022
Күні  "05 "  мамыр   2022 ж/г/y                  "Астраханка  ауылы АТК " МКҚК
                                                                               Оқу орнының атауы 
                                                                                                                                                                
Қатысқандар: 11  адам
Қатыспағандар: -
 
Күн тәртібінде
 1. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары
2. Студенттердің сабақ барысындағы мінез-құлықтары мен тәртібі және үлгерімі
3. 2021-2022 оқу жылының сәуірдің 29 бастап маусымның 4-іне  дейінгі  өтіп кәсіби тәжірибе туралы
4. Әртүрлі мәселелер
 
Тыңдалды
 1. Бірінші сұрақ бойынша ата-аналарға  Тәрбиедегі қиындықты туғызатын тағы бір жайт кездейсоқ балалардың , жекелей топтардың оқушыларға тигізетін теріс ықпалы педагог назарынан тыс қалмауы қажет. Өйткені жеткіншекшақта балада өз қатарындағы құрбыларымен достық , жақын жолдастық қарым-қатынаста болу мұқтаждығы сияқты ерекшелік болады. «Қиын» балалардың пайда болуының әлеуметтік және психологиялық себептері бар. Әлеуметтік себептеріне ата-ананың балаға көп назар аудармауы , бос уақытын кіммен , қай жерде өткізіп, немен шұғылданғанын білмеу жатады. Отбасында ата-ананың бірінің болмауы да әсер етеді.
Әрбір «қиын» балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы тәрбиелеу әдістерінің бірі-этикалық әңгімелесу , ол оқушыны зерттеп тануда ,тірбиелеуде , қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбиелеу жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда.
Әңгімелесу оқу-тәрбие процесінде ең қажетті құрал. Студенттің  жеке уайым қайғысы , кейбір моральдік нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері , отбасы жағдайындағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтар жайлы этикалық мәселелерді оқушылар коллективі түсінбеуі мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі педагог баланың басынан өткен оқиғаны немесе әр түрліжағдайларды дұрыс түсінуге , болмаса коллективтің объективті түрде ұғынуына әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді. Бір ескеретін ерекшелік «қиын» бала мағынасыз әңгімелерді жақтырмайды. «Қиын» жасөспірімдер дербес мінезді ,өмір тәжірибелері ұлғайып,айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы күрделеніп, көп жағдайда тәуелсіздікке талаптану әдістері жеке бастарын жоғары санаушылыққа ,өркөкіректікке, итермелеп,дауға ,дөрекілікке,қатыгездікке себепші болатындығын жеке тәрбие жұмысында ,соның ішінде жеке әңгімелесу тәсілдерінде ескерген жөн.
 2. Студенттердің сабақ барысындағы мінез-құлықтары мен тәртібі және үлгерімі туралы толық ақпарат берілді.
3. 2021-2022 оқу жылының сәуір айында өткізілетін кәсіби тәжірибе туралы толық ақпаратты өндірістік оқыту шебері Балғабаев Ж.Б. толық ақпарат берді. 
4. Төртінші сұрақ бойынша алдағы уақыттағы мемлекеттік емтихан тапсыру және оған дейін консультация кестесі мен таныстырылды. Әр түрлі сұрақтар қарастырылып талқыланылды. Әр ата-ана өз ойларын, пікірлерін айтты. 
 
Шешімі/Решение/Decision:
1. Бірінші сұрақ бойынша ата-аналарға  Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары туралы толық ақпарат беріліп, ата –аналар өз жауапкершіліктеріне алады
2. Студенттердің сабақ барысындағы мінез-құлықтары мен тәртібі және үлгерімі жайлы өзгеретіндерін ата-аналар өз жауапкершіліктереіне алады. Өз балаларымен сөйлесіп , тәрбиелейді.
3. 29.04.2022 жылдан бастап 04.06.2022 жылдға дейінгі өткізілетін Өндірістік тәжірибе өту барысында қауіпсіздік ережелері сақталады және әрбір студент жеке өндірістік тәжірибеден өткендігі туралы фото, видео , есеп дайындап келеді.
4.Әр түрлі сұрақтар бойынша ата аналар өз сұрақтарына тиісті жауап алды.
 
 
 
 
Топ жетекшісі: _______Кеншиликова М.М
                       Ө/о шебері:_____   БалғабаевЖ.Б
Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст