АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі өтті

11.10.2019

10 қазанда Ақмола облысы Астрахан ауданында №6 Агротехникалық колледжінің 2019 түлектері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Осы жолы әскерге шақырылушыларды шығарып салу, күзгі шақыру-2019 ж. аралығында ерекше. Әскерге шақырылушылар Ауған соғысы ардагерлерімен, запастағы офицерлермен, дембельдермен бір залда болу құрметіне ие болды. Сонымен қатар, №1, №2 мектеп оқушылары және №6 Агротехникалық колледжінің студенттері де болашақ жауынгерлерді қолдауға келді . Астрахан ауданының Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағасы Оразбаев Жанабай Шәріпұлы және отставкадағы полковник Петриченко Олег Ильич құттықтау сөз сөйлеп, шақырылушыларды жаңа ересек өмірдің басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, құттықтау сөз 2016 жылдың шақырылушысы, Ақтау қаласының 25774 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Елеупов Шыңғысқа берілді. Ол биылғы жылдың әскерге шақырылушылардың өміріндегі маңыздылығын атап өтіп, аналарға шыдамдылық тіледі.

Просмотров: 1120


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст