2019 жылғы 5 қарашада «Жастар» спорт кешені ғимаратында, «Нұр Отан» партиясының Астрахан ауданының филиалы және спорт бөлімі, Астрахан ауданының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, республикалық «Менің Туым, менің Отаным!» акциясы аясында волейболдан турнир өткізілді. Жарыс Мемлекеттік Туды кеңінен насихаттау және құрметтеу, сондай-ақ ауыл жастары арасындағы достық байланысты нығайту мақсатында өткізілді. Жарысқа №1 ОМ, №2 ОМ және №6 АТК командалары қатысты. Біздің №6 Агротехникалық колледжінің командасы ІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген турнир нәтижесі үшін тікелей күрес жағдайында барынша физикалық және психикалық стресстен туындаған белсенділіктің жоғары эмоционалды фонымен ерекшеленді. Командалардың айтуынша, олар сергектік, жағымды эмоциялар алды,сондай-ақ командалық рухты нығайтты.