Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ А-2/36 қаулысымен
бекітілді
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды
аяқтамаған адамдарға анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1.
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола
облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету
нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге
асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:
қағаз түрінде.
3. Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру (бұдан әрі - анықтама) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4.
Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015
жылғы 6 қарашадағы №
627 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
алуды аяқтамаған адамдарға анықтама
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген
құжаттарды ұсынуы қажет.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін
әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) кеңсенің қызметкері өтініш қабылдауды және тіркеуді
жүзеге асырады – 15 минут;
2) басшы өтінішті қарайды, жауапты орындаушыны белгілейді – 15 минут;
3) жауапты орындаушы анықтаманың жобасын дайындайды – 2 жұмыс
күні;
4) басшы анықтамаға қол қояды
– 15 минут;
5) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы береді
– 15 минут.
6. Келесі рәсімді
(іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету
рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушыға қолхат
беру, басшыға өтінішті жолдау;
2) орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
3) анықтаманың жобасын дайындау және басшыға жолдау;
4) анықтамаға қол қою, анықтаманы кеңсеге жолдау;
5) анықтама
беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету
процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) тізбесі:
1) кеңсенің қызметкері;
2) басшы;
3) жауапты орындаушы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,
құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдерінің (іс-қимылының)
реттілігін сипаттау:
1) кеңсенің қызметкері өтініш қабылдауды және
тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут;
2) басшы өтінішті қарайды, жауапты орындаушыны белгілейді – 15 минут;
3) жауапты орындаушы анықтаманың жобасын дайындайды
– 2 жұмыс күні;
4) басшы анықтамаға қол
қояды – 15 минут;
5) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы береді
– 15 минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімінің (іс-қимылының) өзара әрекеттесуін
толықтай сипаттауы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.