Текст
2019 жылдың 12 желтоқсанында Жаңаесіл ауылындағы №9 Агротехникалық колледж базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған облыстық турнир өтті. Әрбір команда кәсіби волейболдың жоғары деңгейін көрсетті. Ұзақ және қажырлы күрес нәтижесінде біріншілік үшін Ерейментау қаласының №8 Агротехникалық колледжінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Жаңаесіл ауылының №9 Агротехникалық колледжінің командасы иеленді. Біздің Астрахан ауылының №6 Агротехникалық колледжінің командасы турнирдің қола жүлдегерлері атанды.