2020 жылдың 01 сәуірінде сағат 15.00-де өткен ата-аналар жиналысының байланыс бейне конференциясы (ВКС).
Күн тәртібі
1. Қашықтықтан білім беру жағдайында колледждегі білім беру үдерісі - "Астраханка ауылы, Агротехникалық колледжі" МКҚК басшысы К.О. Сүйіндіков, басшының өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары- К.С. Сейтжанов, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Н. Г. Поплавская, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-В.С. Путинцева, аға шебер-С.Р. Гильзенберг, бас бухгалтер-О.Л. Журавлева.
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу-жасөспірімдер қылмысының алдын алу-ювеналды полиция инспекторы Е.С. Бода
3. Сұрақ-жауап.
2020 жылдың 1 сәуірінде Zoom Веб-платформасы арқылы қашықтықтан ата-аналар жиналысы өтті.
Колледж басшысы К.О. Суюндиковтың колледжде білім беру үдерісін ұйымдастыру және қашықтықтан оқыту шарттары туралы баяндамасы, қашықтықтан оқыту кезеңінде ата-аналар мен студенттерге әдістемелік ұсыныстар, өндірістік тәжірибені тоқтату, стипендия және жол жүру төлемақылары туралы талқыланды. Колледж әкімшілігі ата-аналарға қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың жеке тәсілдемені ескере отырып, студентке қатысты негізгі тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Түрлі интернет-платформалар, мобильді мессенджерлер, білім беру сайттары қашықтықтан оқыту жағдайында оқытушы мен студент арасындағы байланыстырушы буын болады. Кері байланыс қашықтықтан оқыту жүйесіндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ата-аналар сабақ кестесіне байланысты нақты түсініктеме алды, сондай-ақ әр пән мұғалімінің жұмыс тәсілдеріне назар аударды. Қашықтықтан білім алу жұмысы кезінде ата-аналардың міндеттері маңызды компонент болып табылады, сондықтан бұл бағыт жиналыс барысында белсенді талқылау болды.
Ювеналды полиция инспекторы Бода Елена Сергеевнаның жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселесі бойынша сөз сөйлеуі төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңінде бірқатар уақытша шаралар мен шектеулерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Студенттерге басты назар аудару керек, сондықтан бірінші кезекте ата-аналар карантин кезінде өз балаларының іс-әрекетіне ерекше бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Жиналыстың соңында ата-аналар, жиналысытың бейне конференциясынан риза болды.