Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы
Құрметті әріптестер, ата-аналар, студенттер, отандастар!
«Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін. Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты ете аламыз» - деді Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған таңғы мақаласында.
Мен басшы ретінде, Елбасының осы үндеуін қолдаймын. Біздің әрқайсымыз коронавирусқа қарсы күреске өз үлесімізді қосуымыз керек. Тек осылай ғана біз өз денсаулығымызды және ұлт денсаулығын сақтаймыз. Ең бастысы - бұл біздің халқымыздың бірлігі мен тыныштығы.
«Астрахан ауылы, Агротехникалық колледжі » МКҚК басшысы
Қ. Сүйіндіков