2020 ж. 9 маусым күні Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаев және Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Б. А. Жүсіпов жұмыс сапарымен "Ауыл Ел бесігі" бағдарламасы аясында жөндеу жүргізілген "Астрахан ауылы, Агротехникалық колледжі" МҚКҚ оқу нысанын аралады. 2019 жылы колледжде осы бағдарлама бойынша 2 оқу корпусына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сапар барысында жаңа модификациялы кабинеттерге : химия, физика кабинеттеріне, аспаздар, кондитерлер мен даяшылар зертханаларына, кабинет меңгерушілері өз заттарын таныстырды, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Колледж басшысы К. О. Сүйіндіков проблемалық мәселелерді айтты, бұл ангарлық үлгідегі спорт залын салу қажеттілігі, өйткені бар спортзал стандарттарға сәйкес келмейді. Сондай-ақ колледж жатақханаларын ағымдағы жөндеу қажет.