АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты мәнeрлeп оқу онлайн байқауы

25.09.2020

22 қыркүйек Тіл мерекесіне арналған «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты мәнeрлeп оқу онлайн байқауын өткіземіз..
Байқау мақсаты: Тіл мәртебесін колледж студенттерінің арасында насихаттау, студенттердің өлең оқуға ынтасы мен талабын ашу, көркемдік шеберлікті шыңдау. Студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Байқауға тек 1 курс студент қатысушылар қатысады.
Байқаудың ережесі: Қатысушылар Қазақ тілінде кез келген «Тіл» туралы (өлең, монолог) жатқа айтып, видео түсіреді.
Байқаға қатысу уақыты: 21.09.2020 – 25.09.2020
Байқау нәтижесі 28.09.2020 күні сайтқа жарияланады.
ЕСКЕРТУ! Байқауға қатысушыларды мәжбүрлемеу керек. Ерікті түрде ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Сондай-ақ, бір жұмысты бір жерге жіберу керек: не электронды почтаны, не WhatsApp желісін таңдаңыз. Бір жұмысты екеуіне де жіберуге немесе бірнеше рет қайталап жіберуге тыйым салынады!
Байқаудың ұйымдастыру тәртібі:
«Астрахан ауылы Агротехникалық колледжі»МКҚК ұйымдастыруымен байқауға түскен видеолар ютуб желісі мен сайтқа (atkno.6) және (prog.atk6) орналастырылады. Байқаудың жеңімпаздарын қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері анықтайды. Бағалауда орындаушының көркемдік шеберлігі, қазақ тілінде таза сөйлеуі, мазмұнға баса мән беруі негізге алынады.
Марапаттау:
Барлық қатысушыларға І,ІІ,ІІІ орын беріледі.

 

Просмотров: 676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст