АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 қазан - Қарттар күні

01.10.2020

Біздің қымбатты, аға буын! Бүгін-ерекше мереке, "Астрахан ауылы, Агротехникалық колледжі" МКҚК ұжымы Сіздерді қарттар күнімен құттықтайды.

"Қарты бар ел - қазыналы ел" демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 қазан - Қарттар күні деп белгіленген. Осы орайда талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды аталмыш төл мерекесімен құттықтау мақсатында  Агротехникалық колледжіміздің ұжымы атынан педагогикалық жасағы, кезінде студенттерінің білім нәрімен сусындауында аянбай тер төккен, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған колледждің қарттарын аталмыш мейраммен құттықтады. Әңгіме барысында өмірден алған тәжірибелерімен, қызықты сәттерімен бөлісіп, өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін жаудырды. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу жолында сарп қылған қарияларымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Қарттар күні құтты болсын!

 

«Астрахан ауылы, Агротехникалық колледжі» МКҚК ұжымы

Просмотров: 372


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст